14 желтоқсан 2022 | 17:51

Бас прокуратура қаңтар оқиғасы туралы: Қылмыскерлер бейбіт тұрғындарды өз қатарына қосылуға мәжбүрлеген

Бас прокуратура өкілдері қаңтар оқиғасы кезінде қылмыскерлер бейбіт тұрғындарды өз қатарына қосылуға мәжбүрлегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура өкілдері қаңтар оқиғасы кезінде қылмыскерлер бейбіт тұрғындарды өз қатарына қосылуға мәжбүрлегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура өкілдерінің мәліметінше, тәртіпсіздіктер кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің, полицияның, жедел жәрдемнің, басқа да мемлекеттік қызметтердің 345 қызметтік және 116 азаматтық көлігі зақымдалған. Салдарынан 16 медицина қызметкері, 34 өртсөндіруші және 8 құтқарушы зардап шекті.

"Қылмыскерлер бейбіт тұрғындарды өз қатарына қосылуға мәжбүрлеген, такси жүргізушілерін, ауыр жүк көліктер мен автобус жүргізушілерін көшелерді жауып тастауға мәжбүрлеген. Ұрлық дерегі бойынша 2645 соталды тергеп-тексерулер тіркелді", - деді Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжанов.

Реклама
Реклама

Бұл қылмыстар бойынша 484 адам күдікті деп танылды, 2 адам қамауда, 460 адам сотталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная