Бас прокуратура мен ФТБ ұрланған 2,7 миллион долларды қайтарды

© pixabay.com

Бас прокуратура миллиардта?ан ?аржы ?рлады деген к?дікпен Samsung Electronics компаниясыны? б?рын?ы ?ызметкерін А?Ш-тан ?аза?стан?а ?айтару бойынша шаралар ?абылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Бас прокуратура миллиардтаған қаржы ұрлады деген күдікпен Samsung Electronics компаниясының бұрынғы қызметкерін АҚШ-тан Қазақстанға қайтару бойынша шаралар қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Компанияның бұрынғы қызметкері Т.Ж. Наурызбаевты елге қайтару Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен АҚШ Әділет департаментінің Тергеу федералды бюросы арасындағы ынтымақтастығының нәтижесінде мүмкін болды. Т.Ж.Наурызбаев 4 миллион доллардан аса қаражатты қолды қылған. 

Тараптардың үйлесімді жұмысының арқасында жәбірленуші компанияға қаражатының көп бөлігі (2,7 миллион АҚШ доллар) өндірілді. Өткен жылдың соңында Наурызбаев Қазақстанға АҚШ-тан депортацияланды.

Реклама
Реклама

Ол биылғы жылдың ақпан айында Медеу аудандық соттың үкімімен Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама