07 ақпан 2022 | 19:18

Бас прокуратура: ҰҚКД лауазымды тұлғалары еш әрекет етпеді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Алматы, Алматы және Қызылорда облыстары ҰҚКД лауазымды тұлғалары еш әрекет етпеді. Бұл туралы арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы, Алматы және Қызылорда облыстары ҰҚКД лауазымды тұлғалары еш әрекет етпеді. Бұл туралы арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы, Алматы және Қызылорда облыстары ҰҚКД лауазымды тұлғалары еш әрекет етпеді. Құқық қорғау органдарының кейбір басшылары құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған арнайы бөлімшелердің іс-әрекеттерін әдейі бұғаттады деген нұсқаны қарастырып жатырмыз", - деді Ожаров ОКҚ брифингінде.

Бұл деректер бойынша арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

"Сонымен бірге, ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алу әрекеті туралы қылмыстық істерді тергеп жатыр. Бүгінде ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы мен оның екі орынбасары қамауға алынды. Билікті асыра пайдаланды деген күдікпен ҰҚК "А" арнайы мақсаттағы қызметі директорының бірінші орынбасары және осы қызмет орталығының бастығы ұсталды.

Қылмыстық іске "өте құпия" белгісі берілген, сондықтан ұлттық қауіпсіздік мүддесінде тергеудің мән-жайын ашуға болмайды", - деп толықтырды арнайы прокурорлар қызметінің бастығы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная