16 қараша 2023 | 12:02

"Басқа да деректер бар" - ІІМ полиция бастығы кабинетіндегі қыз зорлау оқиғасы туралы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: zhetysu.gov.kz

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Талдықорған полициясының басшысына қатысты істің тергеу барысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Талдықорған полициясының басшысына қатысты істің тергеу барысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеумен айналысқан топ, соның ішінде бізге жағымсыз болған соңғы факт бойынша арнайы барды. Талдықорған полиция басшысының кінәсі анықталды. Кешегі тексеру басқа да деректердің бар екенін көрсетті.

Реклама
Реклама

Осы тергеу барысында Талдықорған ПБ бастығының қыз зорлау дерегі және басқа да деректер мұқият тексеріліп, кеше ішкі істер министрі қорытынды жасады. Полиция департаментінің барлық дерлік басшылығы қызметтерінен босатылды", - деді Қожаев Сенат кулуарында.

Қожаевқа Талдықорғандағы қыз зорлау оқиғасынан кейін басқа өңірлерде тиісті тексерулер жүргізіле ме деген сұрақ қойылды.

"Әрине, тұрақты негізде жүргізіліп келеді және жүргізіліп жатыр. Өкінішке қарай, кейде мұндай жағдайлар болып тұрады, бұл туралы айту өте жағымсыз, бірақ мұндай оқиғаларға қаншалықты жауапкершілік барын түсінеміз. Әрине, бақылаймыз", - деп жауап берді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная