Басы дауға қалған рудныйлық депутат қыздың ісі сотқа түсті

Рудный ?алалы? сотына жергілікті ?алалы? м?слихатты? экс-депутаты Юлия Каралаш?а ?атысты же?гетайлы?пен айналысты деген айыппен ?оз?ал?ан іс т?сті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?останай облысты? сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Рудный қалалық сотына жергілікті қалалық мәслихаттың экс-депутаты Юлия Каралашқа қатысты жеңгетайлықпен айналысты деген айыппен қозғалған іс түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Экс-депутат қыз ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 2-бөлігінің 2-пункті ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. "Іс материалдары бойынша сотқа шақыртылған тұлғалардың интим мәліметтеріне қатысты болады. (...) ҚР ҚПК-нің 29-бөлігінің 1-бөлігінің талабымен сот тыңдауы жабық тәртіпте өтеді", - делінген соттың хабарламасында.

Еске салайық, мұның алдында жергілікті басылымдар Рудный қалалық (Қостанай облысы) мәслихатының депутаты Юлия Каралашқа қатысты "Жеңгетайлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

Реклама
Реклама

Сан мәрте арулар сайысына қатысып, жеңімпаз атанған халық қалаулысын қала жұртшылығы жақсы таниды. Өзінің интернет дүкені де бар. Бұған дейін өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірінде қызмет атқарып келген.

 

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама