Батыс Қазақстан облысында 17 жастағы қызды өлтіріп кетті

Tengrinews.kz мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында 17 жастағы қызды өлтіріп кетті. Оқиға 28 шілдеге қараған күні Зеленов ауданындағы Дарьинское ауылында болған, деп хабарлады "Мой ГОРОД".

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қыздың денесі дәмханаға жақын маңнан табылған. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, қыз Дарьинское ауылының тұрғыны және биыл мектеп бітірген.

Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров оқиғаны растады. "17 жастағы қыз қайтыс болды. Өте өкінішті. Ол әлі жасөспірім еді. Қазір құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Оқиға болған жерге БҚО ІІД басшысының орынбасары барды", - деді ол.

Реклама
Реклама

Күдіктілердің ұсталғаны немесе ұсталмағаны туралы әкім айтпады, ол тек тергеудің жүріп жатқанын мәлімдеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама