ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қазан 2021 | 08:24
"Бауырынан ұрған". Түркістанда 10 жастағы оқушы мектеп әжетханасында соққыға жығылып қайтыс болды
Түркістанда 10 жастағы мектеп оқушысының туыстары оны сыныптастары мектеп әжетханасында аяусыз соққыға жығып, содан қайтыс болған деп отыр. Рамазанның отбасы бесінші сынып оқушысынан әлдекімдер ақша талап етіп аямай ұрғанын, артынша ол ауруханадан бір-ақ шыққанын айтады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістанда 10 жастағы мектеп оқушысының туыстары оны сыныптастары мектеп әжетханасында аяусыз соққыға жығып, содан қайтыс болған деп отыр. Рамазанның отбасы бесінші сынып оқушысынан әлдекімдер ақша талап етіп аямай ұрғанын, артынша ол ауруханадан бір-ақ шыққанын айтады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Оқушының әжесінің сөзінше, немересі жұмада мектептен келгеннен кейін мазасы болмай, денесі сырқырап тұрғанын айтқан. Дүйсенбі күні ауырып тұрғанына қарамастан Рамазан мектепке барған. Бірақ содан кейін Рамазанның жағдайы нашарлай бастаған.
"Оны мектеп әжетханасында соққыға жыққан. Дәрігерлер бас жарақатын алғанын айтады. Қан ұйып қалған, содан кейін тамыры қысылып қалған. Одан бөлек, бауырынан ұрған. Артынша, ата-аналар балалардан ақша талап етілетінін анықтаған. Сыныпта өзін атаман деп атайтын бала бар екен", - дейді Гүлнар Маханова.
Мектеп-гимназияның директоры мектеп қабырғасында ешқандай қысым мен қылмыстың жоғына сенімді.
"Ешқандай ұру болмаған. Әрине, қауесеттер бар. Барлық ата-анамен сөйлестік. Иә, олардың тарапынан арыз болды. Бірақ тек сынып жетекшісінің атына. Оның орнына қаталырақ мұғалімді қоюды сұрады. Басқа ештеңе емес", - деді № 18 гимназия директоры Уәлихан Бесімбаев.
Мектептің сыртында және ішінде бақылау камералары орнатылған. Алайда Рамазанның туыстарының сөзінше, мектеп әкімшілігі сол күнгі камерада жазылған нәрсені көрсете алмаған. Ол күні камера істен шыққан екен. Енді полиция мұның кездейсоқтық не шын мәнінде солай болғанын анықтап жатыр.
"Бұл дерек бойынша Түркістан қаласы полиция басқармасының қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды. Сараптама нәтижесі бойынша заң негізінде шешім қабылданады", - дейді Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также