06 тамыз 2021 | 17:37

Байқоңыр аумағынан металл ұрлау ісі бойынша сот үкімі шықты

Фото: pixabay.com

Сот "Байқоңыр" ғарыш айлағы аумағынан металды заңсыз алу үшін пара алу ісіне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сот "Байқоңыр" ғарыш айлағы аумағынан металды заңсыз алу үшін пара алу ісіне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"29 шілдеде Қызылорда қалалық № 2 сотының үкімімен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Инфракос" бас директорының міндетін атқарушы Ирюков Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі бойынша мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 17,6 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді", - деді брифингте Биғайдаров.

Оның айтуынша, айыппұл пара сомасының 30 еселенген мөлшері.

Реклама
Реклама

"Ирюков Ресейдің жалға алынған аумағындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағының алаңында орналасқан "Инфракос" аумағынан 200 тонна қара металды әкеткені үшін жеке компания өкілінен жалпы сомасы 600 мың теңге жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді", - деп түсіндірді Бигайдаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная