Белгілі белсенді түркістандық полицейлердің былығын ашты

Видео кадрлары

?аза?станны? белгілі белсендісі, ОСА м?шесі Руслан Жанпейісов Т?ркістанда жол полицейлеріні? бір?атар за?б?зушылы?тарын видео?а т?сірді. Б?л видеоны ол YouTube желісіндегі арнасында жариялады. 

Қазақстанның белгілі белсендісі, ОСА мүшесі Руслан Жанпейісов Түркістанда жол полицейлерінің бірқатар заңбұзушылықтарын видеоға түсірді. Бұл видеоны ол YouTube желісіндегі арнасында жариялады. 

"Түркістанға 5 қазанда барған кезім. Полиция қызметкерлері бұрылыста тығылып, ведомствоның бір ғана бұйрығын емес, ҚР жол қозғалысы ережесін "су" үшін бұзып тұрған, олар ескертуін алып, оқиға орнынан кетіп қалды. Қала көшелеріндегі серуен полиция қызметкерлерінің түнгі уақыттағы қызметінің дайындығын көрсетіп берді. Жарыққа шағылысатын жилет, видео-жетон, алдыңғы терезесі сынғаны үшін пайдалануға рұқсат етілмеген қызметтік көлік. Әуелде бұл терезе таяуда ғана сынды деген полицей оның сынығының желімделгенін ескермеді", - деп жазған Жанпейісов видеоның сипаттамасында. Сонымен қатар, белсенді қызметтік көлігін такси ретінде пайдаланды делінген тағы бір полицейдің ісін әшкере етті. Қызметтік көлікте бөтен адам отырған. 

Реклама
Реклама

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД өкілдері видеоға қатысты түсінікті таяуда беруге уәде етті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама