Белгісіз біреулер шымкенттік кәсіпкерден 7 миллион доллар бопсалаған

© motto.net.ua

О?О ІІД ?йымдас?ан ?ылмысты? топпен к?рес бас?армасыны? ?ызметкерлері аса ірі к?лемде а?ша бопсалады деген к?діктілерді ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде ақша бопсалады деген күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жеке кәсіпкер полицияға белгісіз біреулердің оны қорқытып, 7 миллион доллар ақша бопсалағанын хабарлаған.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша ("Қорқытып алу") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында 3 миллион 20 мың доллар ақша алып жатқан жерінен төрт ер адамды - 1962, 1965, 1973 және 1976 жылғы күдіктілерді ұстады. Олар Шымкент және Алматы қалаларының тұрғындары болып шықты, барлығы жұмыссыз", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, күдіктілерден заттай дәлелдер ретінде 3 миллион доллар мен 20 мың доллардың тәркіленгені айтылады. Ұсталғандардың бірі қамауға алынды, қалғандары қаладан шықпау туралы қолхатпен бостандықта.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама