25 желтоқсан 2018 | 12:12

Белгісіз біреу шекарашыға 20 мың теңге параны лақтырып бермек болған

Камила Долаева Журналист
©Турар Казангапов

Тараз шекара жасағының "Сыпатай батыр" заставасы жасағы пара беруге тырысқан 25 жастағы қырғызстандықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тараз шекара жасағының "Сыпатай батыр" заставасы жасағы пара беруге тырысқан 25 жастағы қырғызстандықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 25 желтоқсанға қараған түні болды. Ұсталған ер адам түнгі сағат бірлер шамасында ұсталды. Шекарашы түнде көру құрылғысымен көрші елдің аумағынан белгісіз ер адамның жақындап келе жатқанын байқаған. Сөйтіп шекара бұзушыны ұстау үшін орнында тұрып, жоспарлы әрекетінің нәтижесінде оны қолға түсірді. 

Реклама
Реклама

"Алайда ұсталған адам тексеріліп жатқанда қоршау жаққа тағы бір адам келіп, шекара күзетінен оны жіберуді сұраған. Бірақ әрекеті сәтсіз болғандықтан шекарашы жаққа бір түйіншек лақтырады. Сол уақытта радиостанция арқылы қосымша жасақ шақырылды. Жоспарының іске аспайтынын сезген белгісіз ер адам Андас батыр елді мекен жаққа қашып кетеді. Ал қолға түскен адам Қырғызстанның 25 жастағы азаматы болып шықты. Сондай-ақ, оқиға болған жерде 5 мың теңгелік 4 қағаз ақша табылды", - деп хабарлады ведомстводағылар. 

Әрекеттес органдар бұл жайдан хабарланды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная