15 қараша 2022 | 17:04

Белгісіз біреулер Қазақстаннан Қырғызстанға бір табын сиырды өткізбек болған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті

Белгісіз біреулер Қазақстаннан Қырғызстанға 200-ден аса ірі қараны заңсыз айдап өткізбек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Белгісіз біреулер Қазақстаннан Қырғызстанға 200-ден аса ірі қараны заңсыз айдап өткізбек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Қарасай ауданы бойынша Шекара басқармасының "Қастек" шекара бөлімі учаскесінде болған. Ақпарат бойынша, шекара отряды шекара сызығында бұзылған инженерлік қоршауды анықтаған.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізе отырып, шекарашылар ірі қара малды айдап өткізуге әрекеттенген алты адамды тапты. Шекарашылар келе жатқанын көріп, олар оқиға орнынан қашып кеткен. Өз кезегінде шекара күзетіндегі иесіз ірі қара мал мемлекеттік шекарадан бірнеше шақырым жерде орналасқан шекара бекетіне жеткізілді", - деді ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта бұл дерек тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная