ПОДЕЛИТЬСЯ
29 желтоқсан 2021 | 10:08
Белгісіз біреулер Павлодар колониясына ананас банкісіне Iphone салып кіргізбек болған
Павлодарда сотталғандарға ананас банкісіне iPhone салып беруге тырысқандар әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда сотталғандарға ананас банкісіне iPhone салып беруге тырысқандар әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, АП-162/1 мекемесінің қызметкерлері колония аумағына тыйым салынған заттарды кіргізбек болғандардың жолын кесті.
"850 грамдық ананас банкісіндегі сәлемдемені мұқият тексеру барысында SIM карта, зарядтағыш пен құлаққап, жұмыс істейтін екі ұялы телефон табылып, тәркіленді. Сондай-ақ банкіде алкогольге ұқсас мөлдір сұйықтық болды", - деді департаменттің баспасөз қызметі.
Видеода инспекторлардың қаңылтыр банкіні ашып ойын карталарын, Nokia телефонын, iPhone телефонын және гаджеттерге арналған аксессуарларды алып шыққаны көрсетілген.
Ведомствоның мәліметінше, бұл сәлемдеме ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан 27 жастағы сотталушыға арналған.
Жіберуші 25 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша хаттама толтырылды. Құқық бұзушыға ескерту жасалады немесе тыйым салынған заттар тәркіленіп, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
"Сотталғандардың туыстарымен түрлі ескертулер мен әңгімелесу жүргізіледі, соған қарамастан тыйым салынған заттарды заңсыз алып өту әрекеттері тоқтамайды. Көбінесе олар байланыс құралдарын, есірткі мен алкогольдік ішімдіктерді өткізуге әрекет жасайды", - деді. АП-162/1 мекемесі басшысының міндетін атқарушы Ардақ Иманғалиев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также