26 желтоқсан 2022 | 16:56

"Бензин шашып, өртеп жіберген". Алматы полициясы дүкен иесіне жасалған шабуыл туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

Әлеуметтік желіде Алматыда кәсіпкер әйелге бұрын бірге тұрған ер адам шабуыл жасағаны туралы хабарлама пайда болды. Ол әйелдің дүкенін және өзін өртеп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Алматыда кәсіпкер әйелге бұрын бірге тұрған ер адам шабуыл жасағаны туралы хабарлама пайда болды. Ол әйелдің дүкенін және өзін өртеп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"НеМолчиKZ" қоғамдық қорының парақшасында жәбірленушінің әпкесінің үндеуі жарияланды. Туыстарының айтуынша, әйел Ресей азаматымен бірге тұрып, бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен. Оны елден шығару керек болған, бірақ Алматыда қалған. Әйел азық-түлік дүкенін жалға алған, сол жерде оны ер адам көрген.

"21 желтоқсанда ол таксимен дүкенге екі ыдыс бензин, суық қару, тапанша, шолақ мылтық және оттықпен келді. Ол тапаншамен қорқытып, сатып алушыны дүкеннен шығарып жіберіп, есікті жауып алған. Дүкенге, әпкемнің үстіне бензин шашып, өртеп жіберген. Салдарынан терезелер мен есіктер жарылыс толқынынан ұшып кетті. Менің әпкемді дүкенде болған сатып алушы құтқарып қалды, ол ауыр жағдайда №4 клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Сол кісіге мың алғыс! Полицейлер жақын жерде тұрып, ештеңе істемеді. Өрт салдарынан жалға алынған дүкен мен көршілес дәріхана толығымен жанып кеткен. Ер адамның өзі дүкенде тірідей өртеніп кеткен", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы науқастың жедел жәрдеммен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Дәрігерлер оның денесінің 9 пайызын (басы, қолы, аяғын) күйік шалғанын, оның 2 пайызы ауыр дәрежеде екенін айтты. Жоғарғы тыныс жолдары күйген. Түскен кезде жағдайы ауыр деп бағаланған. Ол жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін жағдайы тұрақтанғаннан соң бір тәулікте күйік бөліміне жатқызылған.

Полиция да оқиға туралы ақпаратты растады. Алатау ауданының Полиция басқармасы адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеген (ҚР ҚК 24-бабы және ҚР ҚК 99-бабы бойынша). Оқиға орнында табылған қару белгіленеді. Бұдан басқа, істің объектив мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені өткізіледі. Қызметтік тексеру тағайындалған.

Полицейлер тергеу барысы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная