29 маусым 2023 08:40

Бестөбе тұрғыны алтын өндіретін шахтаға құпия "құбыр" қазған

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Полицейлер Бестөбе кентіндегі жұмыс істемейтін шахталарға заңсыз кіру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Бестөбе кентіндегі жұмыс істемейтін шахталарға заңсыз кіру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, Бестөбе кенті аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғындардың бірінің ауласында шахтаның төменгі көкжиектеріне кіруге арналған орынды анықтаған.

"Халық арасында "құбыр" деп аталатын құпия жерді ауыл тұрғыны өз үйінің ауласында бетон плитамен және қолда бар материалдармен жасырған. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану және құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіру дерегін болдырмау, ең бастысы заңсыз кен іздеушілермен шахталардың төменгі көкжиектеріне түсу кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бұл жолды жою туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram