ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2022 | 13:19
Бейнеу тұрғыны лото-клубты өртеп, ісін видеоға түсірген
Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тұрғыны лото-клубты өртеп, ісін видеоға түсірген. Оқиға 3 ақпанда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тұрғыны лото-клубты өртеп, ісін видеоға түсірген. Оқиға 3 ақпанда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде пайда болды. Өзін камераға түсірген ер адамның айтуынша, "мұндай ойындар адамдар мен жастарды қызықтырады, құмарлық - ауру". Ол барлық қызметкерден өрт алдында ғимаратты босатуын сұрағанын айтты. Өйткені "ешкімге зиян тигізгісі келмеген".
Полиция мәліметінше, ойын клубы ғимаратындағы өрт туралы қоңырау шамамен 11.00-де келіп түскен.
"Оқиға орнына келген полиция жасағы ер адамды ұстады. 36 жастағы ер адам кінәсін мойындады. Сондай-ақ, ол WhatsApp мессенджерінде Loto ойын клубына қалай от қоятынын көрсететін видео таратқанын айтты", - деді полиция қызметкері.
Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 202-бабы "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также