Бигелді Ғабдуллин сот залында қамаудан босатылды

Бигелді Ғабдуллин сот залында қамаудан босатылды

Сот CentralAsiaMonitor бас редакторы ж?не Radiotochka.kz сайтыны? директоры Бигелді ?абдуллинге ?атысты ?кім шы?арды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол лауазымды т?л?алардан бюджет ?аражатын жым?ырды деп айыптал?ан еді.

Сот CentralAsiaMonitor бас редакторы және Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдуллинге қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол лауазымды тұлғалардан бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған еді.

Бигелді Ғабдуллин 5 жылға бас бостандығынан шектелді. Ол сот залында қамаудан босатылды.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-тармағында қарастырылған қылмыс жасады деп танылсын. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару, мемлекеттік қызметте және коммерциялық ұйымдарда ұйымдастыру-үлестіру және материалдық-жауапты функцияларға байланысты жетекші қызметтерге келу құқығынан 10 жылға айырыа отырып, 5 жылға бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалсын", - деп оқыды үкімді судья.

Реклама
Реклама

Ал осыған дейін прокурорлар Ғабдуллинді бас бостандығынан айыруды сұраған. Ұлттық бюроның мәліметінше, Ғабдуллин осыдан кейін сынды азайту үшін лауазымды тұлғалардан өз медиаресурстарына мемлекеттік тапсырыстарды бопсалаған. Олар, өз кезегінде Ғабдуллиннің компанияларын лоббилеп, мемлекеттік сатып алулар туралы келіссөздерге қол қойылуын қамтамасыз еткен. Осыдан кейін, БАҚ-тарда олардың қызметі туралы тек жағымды материалдар жариялана бастаған. Мәселен, Жамбыл облысы әкімдігінде Ғабдуллин бюджет қаражатынан 10 миллион теңге бопсалаған. Осыған ұқсас жолмен Ғабдуллин 7 мемлекеттік органнан мемлекеттік тапсырыс алған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама