ПОДЕЛИТЬСЯ
08 тамыз 2022 | 11:06
BINCLOUD қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды - ҚМА
ҚМА БҚО бойынша департаменті BINCLOUD қаржы пирамидасы бойынша соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚМА БҚО бойынша департаменті BINCLOUD қаржы пирамидасы бойынша соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
ҚМА мәліметінше, WhatsApp және Тelegram мессенджерлері арқылы азаматтардың ақшалай қаражатын тарта отырып, BINCLOUD қаржы пирамидасы ұйымдастырылғаны анықталған.
"BINCLOUD бағдарламасына сәйкес жеке тұлғалар белгілі бір қаражатқа виртуал майнинг жабдығын жалға алады, одан күн сайын салынған соманың 5-6 пайызы мөлшерінде инвестициялық кіріс алады.
Сонымен қатар, клиенттерден кіріс қаражатын шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16 пайызы ұсталады", - делінген хабарламада.
ҚМА өкілдері BINCLOUD бағдарламасына қатысып, зардап шеккендер болса, ҚМА аумақтық департаменттеріне немесе сенім телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также