04 сәуір 2024 | 11:31

Бишімбаевтың адвокаттары "адам өлтіру" деген сөзді қолдануға қарсы шықты

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылып отырған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі кездесуде экс-министрдің қорғаушысы Нүкенованың өлімін адам өлтіру деп атамауды тағы да талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылып отырған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі кездесуде экс-министрдің қорғаушысы Нүкенованың өлімін адам өлтіру деп атамауды тағы да талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, Бишімбаевтың адвокаттарының бірі - Лейла Рамазанова - Салтанат Нүкенованың өлімін адам өлтіру деп атамауды және зардап шеккен тараптың қорғаушысына ескерту жасауды талап етті.

"Жанна Уразбаховаға (жәбірленуші тараптың адвокаты – еск.) ескерту жасауыңызды сұраймын, себебі ол "адам өлтіру" деп айта береді", - деді Рамазанова сотта.

Реклама
Реклама

"Лейла Рамазанова Салтанат Нүкенованың өлімін адам өлтіру деп атағаным үшін маған ескерту жасауды бірнеше рет өтінді. Өкінішке қарай, бұл тұрғыда басқа сөз таба алмаймын", - деп жауап берді Уразбахова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная