23 сәуір 2021 | 17:29

Биыл жемқорлық ең көп анықталған органдар қандай?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жемқорлық ең көп анықталатын мемлекеттік органдар аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жемқорлық ең көп анықталатын мемлекеттік органдар аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың бірінші тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 452 қылмыстық құқықбұзушылық тіркеген. Оның 76 пайызы жемқорлыққа қатысты.

Қазіргі уақытта, аса ауыр қылмыстар саны артқаны байқалады. Бір жарым есе өскен. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің көп деңгейлі заңдастырылған сыбайлас жемқорлық схемаларын анықтауға, ашуға бағытталғанын көрсетеді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов брифингте.

Оның айтуынша, қылмыстың басым бөлігі парақорлық пен ұрлық дерегі бойынша тіркелген.

Реклама
Реклама

"Сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша күдікке ілінген 412 адам, оның ішінде 42 адам, 10 пайызы республикалық және облыстық деңгейдегі басшылар.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әкімдік, полиция және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында жиі кездеседі. Мұның себебі мемлекеттік қызметкерлердің басым бөлігі әкімдіктер мен ішкі істер органдарында екенінде.

Сыбайлас жемқорлық дерегі көп тіргелген мемлекеттік органдар ішінде: кедендік бақылау органдарында 85 адам, білім беру саласында 32 адам, денсаулық сақтау және құрылыс саласында 27 адам қылмыстық жауапқа тартылған", - деді Жақсымбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная