ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қыркүйек 2021 | 09:54
Биыл Қазақстанда 5 мың есірткі қылмысы анықталды
Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының елдегі есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты тапсырмасын орындау бойынша арнайы кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының елдегі есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты тапсырмасын орындау бойынша арнайы кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
"Бүгінгі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті. Өкінішке орай, жаңа синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары жастар болып табылады. Тек осы жылдың өзінде елімізде 8,5 пайыз өсіммен 5 мың есірткі қылмысы анықталды. Бізге бұл бағытта күресу үшін жүйелі шаралар қажет", - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Құқық қорғау және салалық мемлекеттік органдарға бірқатар тапсыма берілді: ️
- телекоммуникация желісінде, оның ішінде интернет-боттарды және басқа да автоматты бағдарламаларды пайдалана отырып жасалатын есірткі қылмысының жолын кесу; ️
- тиімді мемлекеттік және әлеуметтік бақылауды белгілей отырып, нашақорлықтың бастапқы профилактикасының теңгерімді жүйесін құру; ️
- есірткіге тәуелді адамдарды емдеу әдістерін жетілдіру, аумақтық сот сараптамасы органдарының мемлекеттік есірткі диспансерлерін материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту; ️ құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсу ошақтарын анықтау үшін қашықтықтан зондтау жүйелерін пайдалануды кеңейту; ️
- есірткі заттарын шетелден әкелуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.
Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары елдегі есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы жүйелі шаралар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құруды тапсырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также