ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қараша 2018 | 17:35
БҚО бойынша ҚАЖД бас есепшісі ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды
Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бас есепшісі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілщісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ҚАЖД бас есепшісі осыдан бірнеше күн бұрын ұсталған.
БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіндегілер бұл мәліметті растады, алайда қосымша мәлімет беруден бас тартты.
"22 қарашада БҚО бойынша ҚАЖД қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды", - деп хабарлады баспасөз хатшысы міндетін атқарушы Тимур Дүйсалиев.
Департаменттегілердің айтуынша, Ұлттық бюро департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Показать комментарии
Читайте также