30 мамыр 2022 | 07:01

БҚО-да ауыл тұрғынына тіл тигізген әйел сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрациялық фото xakac.info сайтынан

БҚО-да дүкенде ауыл тұрғынына тіл тигізген әйел сотталды. Жәбірленушінің айтуынша, сотталушы өзін бір жылға жуық уақыт түрлі сөздермен қорлап келген, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БҚО-да дүкенде ауыл тұрғынына тіл тигізген әйел сотталды. Жәбірленушінің айтуынша, сотталушы өзін бір жылға жуық уақыт түрлі сөздермен қорлап келген, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.

Басылым мәліметі бойынша, ауыл дүкенінде тәртіп бұзушы мас күйінде жәбірленушіге әдепсіз сөздер айтқан, бұл бірнеше мәрте қайталанған. Істі Тасқала аудандық соты қарады. 

"Жәбірленуші сотталушының мұндай әрекеттері бір жылға жуық уақыт бойы жалғасып келе жатқанын және осы уақыт бойы оны кешіргенін айтты. Алайда, құқық бұзушы өзінің заңсыз әрекеттерін жалғастыруын тоқтатпаған, осыған байланысты жәбірленуші оған жаза тағайындауды сұрады", - Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Реклама
Реклама

Сотталушы өз кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Сот құқық бұзушыға айыппұл салуды бұйырды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная