05 мамыр 2022 | 09:34

БҚО-да бухгалтер 31 миллион теңге жымқырған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық білім бөлімінің бухгалтері 31 миллион теңге жымқырды деп айыпталып, 7 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық білім бөлімінің бухгалтері 31 миллион теңге жымқырды деп айыпталып, 7 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, сотталушының кінәсі дәлелденді. Тергеу барысында ол мемлекетке келтірілген залалды толық өтеп, соттан бас бостандығынан айырмауды сұрады. Ал прокурор соттан әйелді 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Күшаева Ақкенже Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасаған. Оған мүлкін тәркілемей, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кәмелетке толмаған екі баласы болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі 5 жылға шегерілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаева.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная