08 қыркүйек 2020 | 18:02

БҚО-да жүргізуші куәлігі мен әскери билет сатқандар анықталды

Фото: Tengrinews.kz

Әлеуметтік желіде жүргізуші куәлігі мен әскери билет сатылатыны туралы хабарлама жарияланған. Бұл туралы "Ақжайық - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Әлия Сәлиева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде жүргізуші куәлігі мен әскери билет сатылатыны туралы хабарлама жарияланған. Бұл туралы "Ақжайық - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Әлия Сәлиева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл мәселені тез арада бақылауға алу керек.

Реклама
Реклама

"Instagram, Facebook, Telegram әлеуметтік желілерінде осындай күмәнді хабарландырудың пайда болу фактілерінің жиілеуіне байланысты тексеріс жүргізе бастадық. Бұл алаяқтардың әрекеті екені анықталды. Тұрғындарға жалған құжаттарды сатып алғаныңыз үшін заң алдында жауапқа тартылатыныңызды ескерткім келеді. Заң бойынша травматикалық қаруды алып жүруге тыйым салынған. Оны алып жүруге рұқсат жоқ", - дейді Әлия Сәлиева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінде өткен брифингте.

Қорғаныс істері жөніндегі басқарма алаяқтар әскери билеттерді жасағаны үшін қанша ақша сұрайтынына тоқталды.

"Ақ түсті әскери билет 100 мың теңге, көк билет үшін 200 мың теңге сұрайды. Қазақстанда ақ түсті билеттер жоқ. Әскери қызметке жарамсыздығы туралы дерек көк түсті әскери билетке енгізіледі. Құжаттар ХҚКО және электрондық үкімет порталы арқылы рәсімделеді", - деді Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Қуат Ахметқалиев.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалының маманы алаяқтық деректеріне тоқталды.

"Алаяқтар жүргізуші куәлігін алып беретінін айтады. Осы қызметі үшін олар алдымен келісілген соманың 50 пайызын төлеу керегін айтады. Жүргізуші куәлігін курьер арқылы жеткізуге уәде береді. Олар пластикалық құжаттарды жасай алады. Бірақ деректер базасында тиіс мәлімет болмайды. Осылайша, ақшасыңызды текке жұмсайсыз", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалының қауіпсіздік жөніндегі уәкілі Қайырбек Нигимов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная