31 наурыз 2021 | 14:58

БҚО-да қайтыс болған өрт сөндіру бөлімі бастығының отбасына көмек көрсетілді

Фото: Тұрар Казанғапов

Өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ақан Нұрғалиевтің отбасына әріптестері көмек көрсетті. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ақан Нұрғалиевтің отбасына әріптестері көмек көрсетті. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетілген.

"Сондай-ақ, әріптестері марқұмның отбасына ақшалай көмек көрсетті",-деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 25 наурызда Ақжайық ауданы Қарауылтөбе кентінде №27 өрт сөндіру бекеті аумағына белгісіз біреу қызметкерге шабуыл жасағаны хабарланған болатын.

Ұрып-соғу нәтижесінде дене жарақаттарын алған азаматтық қорғау аға лейтенанты Ақан Қадырханұлы Нұрғалиев 2021 жылғы 27 наурызда ауруханада қайтыс болды.

Қазіргі уақытта Ішкі істер органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная