04 наурыз 2021 11:35

БҚО-да "Қазпошта" клиенттерінің ақшасы жоғалды: тергеу басталды

Видеодан алынған кадр

"Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі БҚО клиенттері есепшотынан ақша жоғалғанын растады. Бұл факт бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі БҚО клиенттері есепшотынан ақша жоғалғанын растады. Бұл факт бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазпошта" АҚ Батыс Қазақстан облысы бөлімшесінде клиенттер есепшотынан заңсыз ақша аудару дерегі болғанын растады. Бұл факт ішкі аудит кезінде анықталды. Кінәлі қызметкерлерге қатысты материалдар тиісті іс жүргізу шараларын қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Қазіргі уақытта анықталған факт бойынша ішкі қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Есепшотында ақша жетпейтіні расталған клиенттер қаражаты "Қазпошта" АҚ тарапынан толық өтеледі", - делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Реклама
Реклама

Бұған дейін БАҚ-та Батыс Қазақстан облысы Дарьинск кенті тұрғындары жеке есепшотынан ақша жоғалғаны туралы ақпарат пайда болды. "Уральская неделя" мәліметіне сүйенсек, шіркеу есепшотынан жарты миллион теңге жоғалған. Басқа ауыл тұрғындарынан да шағым түскен.

Айта кетейік, Қарағандыда мүгедек ер адам пандус болмағандықтан сәлемдемесін алу үшін еңбектеуге мәжбүр болғаны да хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram