30 қазан 2023 17:29

БҚО-да қылмыстық топ ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: @POLICE_of_KZ

Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлері қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлері қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласында балық пен бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын сатумен айналысатын заңсыз арнаны анықтады.

Реклама
Реклама

"Қылмыстық топ балық өнімдерін жалған құжаттарымен Орал қаласындағы орталық базарларына әкеліп сатқан. 1520,55 келі бекіре балығы, 27,3 келі қызыл және 1,25 келі қара уылдырық, сондай-ақ 2 миллион 705 мың теңге және 35,8 мың рубль, тапанша, оқ-дәрілер, электронды таразы, пышақ, дүрбі тәркіленді", - делінген хабарламада.

Ұсталған азаматтар Батыс Қазақстан облысының тұрғындары екені анықталды. ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тереп-тексеру жұмыстары басталды. Заң бұзғандарға қатысты қозғалған іс жан-жақты тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram