30 қараша 2019 12:32

БҚО-да пара алған мектеп директорына айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының білім бөлімінің №1 орта мектебінің директоры пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "БҚО Теректі ауданының білім бөлімінің №1 Подстепнов орта мектебі" ММ-не әлеуметтік педагог-психолог ретінде жұмысқа орналастыру үшін азаматтан 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен аталған мектеп директоры А.А.Қаймулдиновқа қатысты тергеуді аяқтаған болатын.

Реклама
Реклама

"Биыл 29 қарашада Теректі аудандық сотының үкімімен А.А.Қаймулдинов пара алғаны үшін айыпты болып танылып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырумен, 9 миллион теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram