09 қаңтар 2022 21:43

БҚО-дағы блокбекеттерде бір тәулікте жеті қару тәркіленді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Полиция қызметкерлері кейінгі тәулікте Батыс Қазақстан облысындағы блокбекетте 7 аңшы мылтығын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция қызметкерлері кейінгі тәулікте Батыс Қазақстан облысындағы блокбекетте 7 аңшы мылтығын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

ІІМ мәліметінше, түрлі құқықбұзушылыққа қатысы бар 37 адам ұсталған. Оның ішінде 5 адам мас күйде болған. 10 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке қамауға алынған. Оның ішінде төтенше жағдай режимін бұзу және заңсыз митингіге шақыру бойынша ұсталғандар да бар.  

Еске салайық, аймақта бес блокбекет қойылған еді. Оның екеуі орталық алаңға қойылған. Күштік құрылымдар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай режимі бұзылмауын жаяу және автопатрульдер қадағалайды. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram