20 қыркүйек 2021 | 14:07

БҚО-дағы өрт сөндіру бөлімі бастығының өлімі: сот үкім шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық соты Қарауылтөбе ауылындағы өрт сөндіру бөлімі бастығының өліміне қатысты айыптау үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық соты Қарауылтөбе ауылындағы өрт сөндіру бөлімі бастығының өліміне қатысты айыптау үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 жастағы Руслан Макишев денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша кінәлі деп танылған. Іс материалдарына сүйенсек, 2021 жылы 25 наурызда кешке БҚО Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылында жергілікті тұрғын мен өрт сөндіру бөлімінің бастығы арасында жанжал болған. Келесі күні таңертең Төтенше жағдайлар министрлігінің таяқ жеген қызметкері ағасының қорасынан табылған. Ол алған жарақатынан ауруханада қаза болды.

2021 жылдың 26 наурызында сағат 08:30 шамасында жәбірленуші ес-түссіз күйде табылды және жедел жәрдем көлігімен Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілген. 2021 жылы 27 наурызда сағат 05:46-да Ақжайық аудандық ауруханасының хирургия бөлімінде қайтыс болған.

Реклама
Реклама

"Сот Руслан Макишевті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды және жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтей отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін БҚО-да жанжалдан кейін өрт сөндіру бөлімінің бастығы қайтыс болғаны хабарланаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная