БҚО спорт басқармасының экс-бастығына жаңа айыптар тағылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Мүсілім Оңдағанов.  ©Uralskweek.kz Мүсілім Оңдағанов. ©Uralskweek.kz

Батыс Қазақстан облыстық спорт басқармасының бұрынғы бастығы Мүсілім Оңдағановқа жаңа айыптаулар тағылды деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталып отыр.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облыстық спорт басқармасының бұрынғы бастығы Мүсілім Оңдағановқа жаңа айыптаулар тағылды деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталып отыр.

Бұрын сотталған жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Меңдіхан Жәкеновке де осындай айып тағылды. Оңдағанов пен Жәкенов 2008-2009 жылдары бюджет қаржысын жымқырып, қызметтік жалғандық жасаған. Бұл екеуі бапкерлер мен спорт функционерлерінің қатысуымен түрлі елдерге іссапарлар мен оқу-жаттығу жиындарына бару туралы жалған бұйрықтар шығарған. Сөйтіп, ешқайда бармай-ақ, бөлінген қаржыны қалталарына басып отырған. Оңдағанов пен Жәкенов сегіз эпизод бойынша барлығы 10 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырыпты. Олардың үстінен "Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін заңсыз иелену немесе жұмсау" және "Қызметтік жалғандық" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Орал қалалық сотының қаулысымен Оңдағанов пен Жәкеновке екі айға тұтқындау түріндегі бұлтартпас шара қолданылды. Бірақ олардың қазірдің өзінде өңірдегі РУ-170/1 түзеу мекемесінде екені белгілі. Енді олар тергеушілерге жауап беру үшін тергеу изоляторына уақытша ауыстырылады. 

Еске сала кетейік, биылғы ақпан айында Оңдағановқа мүлкін тәркілеумен бірге 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілген болатын. Ол 2009-2012 жылдары ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 200 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталды. Жәкенов те қаржы жымқыру дерегі бойынша айыпталып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.91  course up  526.46  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer