ПОДЕЛИТЬСЯ
29 маусым 2019 | 12:04
Білім министрінің көмекшісі ұсталды
ҚР білім және ғылым министрінің көмекшісі бюджет қаражатынан ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл деректі Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол студенттерге арналған жазғы білім беру стартап мектебін ұйымдастыруға бөлінген 11 миллион теңгеден астам қаражатты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық жолмен жымқырды деген күдік бар.
Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәлілік дәрежесін анықтай отырып сот шығарады.
Показать комментарии
Читайте также