20 қазан 2020 11:26

Блокбекеттегі жол апаты: алматылық экс-полицейге қатысты үкім шықты

Қарасай аудандық сотында Алматыдағы блокбекетте болған жол апатына кінәлі полицейге қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарасай аудандық сотында Алматыдағы блокбекетте болған жол апатына кінәлі полицейге қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азат Азаматов кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деп үкім шығарды судья Мәди Көшікбаев.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, сот Азат Азаматовқа Алматы полиция департаментіне келтірілген материалдық шығын (бүлінген полиция автокөлігі) үшін 5,4 миллион теңге төлеуді міндеттеді.

Ал жәбірленуші Динара Аманның пайдасына Азат Азаматов баласы 18 жасқа толғанға дейін бір миллион теңге моральдық шығын және 36 миллион теңге төлеуі керек болады.

Қаза тапқан полицейдің әкесінің пайдасына Азаматов бір миллион теңге моральдық шығын және 2,8 миллион теңге материалдық шығын төлеуі керек.

Қаза тапқан екінші полицейдің әйелінің пайдасына сотталған адамнан оның үш баласы 18 жасқа толғанға дейін 15 миллион теңге өндіріп алынатыны айтылады.

Алматыдағы блокбекеттегі жол апаты: BMW жүргізушісі кінәсін мойындады

Еске салайық, 25 мамырда Көксай ауылындағы блокбекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапқан еді. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. 

Сот отырысының алғашқы күнінде Азат Азаматов кінәсін толық мойындаған болатын. Ол жол апаты болардан бұрын сыра ішкенін, сондықтан оқиға болған кез мүлде есінде жоғын айтты. Жүргізушінің айтуынша, ол ауруханаға келгенде бірақ есін жиған.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram