ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қазан 2020 | 17:13
Блокбекеттегі жол апаты: прокурор айыпталушыны 10 жылға соттауды сұрады
Биыл көктемде Алматыда карантин кезінде блокбекетте болған жол апатына қатысты тараптардың пікірталасы өтті. Айыпталушы - 26 жастағы Азат Азаматов, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Биыл көктемде Алматыда карантин кезінде блокбекетте болған жол апатына қатысты тараптардың пікірталасы өтті. Айыпталушы - 26 жастағы Азат Азаматов, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот отырысы кезінде мемлекеттік айыптаушы Арыстан Әлікенов күдіктінің кінәсі дәлелденгенін жеткізді. Ол соттан Азаматовты орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеге 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ прокурор айыпталушыны көлік жүргізу құқығынан айыруды сұрады.
Еске салайық, 25 мамырда Көксай ауылындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды.
Сот отырысының алғашқы күнінде Азат Азаматов кінәсін толық мойындаған болатын. Ол жол апаты болардан бұрын сыра ішкенін, сондықтан оқиға болған кез мүлде есінде жоғын айтты. Жүргізушінің айтуынша, ол ауруханаға келгенде бірақ есін жиған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также