30 мамыр 2022 | 10:41

"Бөлке нанға жасырған". ШҚО-да әйел тергеу изоляторындағы күйеуіне телефон өткізбек болған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: polisia.kz

ШҚО-да әйел тергеу изоляторында отырған күйеуіне бөлке нанға жасырып, телефон беріп жіберуге тырысқан, - деп хабарлайды Polisia.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО-да әйел тергеу изоляторында отырған күйеуіне бөлке нанға жасырып, телефон беріп жіберуге тырысқан, - деп хабарлайды Polisia.kz

ШҚО ҚАЖ департаментінің ОВ-156/1 мекемесінің қызметкерлері бөлке наннан SIM-картасы бар ұялы телефон тапқан. Осылайша, әйел қамауға алынған күйеуімен байланыс орнатқысы келген. Мекеме қызметкерлері әйелдің көзінше нанды кесіп, ішінен тыйым салынған затты тапқан.

"Әйел ештеңені жоққа шығармады, тіпті оның салдарын да білген. Яғни, сәттілікке сеніп, тыйым салынған заттарды әдейі беруге тырысқан. Алайда мұндай әрекеттерді қызметкерлер дер кезінде анықтайды", - дейді тергеу изоляторының бастығы Қанат Жүсіпов.

Реклама
Реклама

Бұл дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша тиісті материал жиналып, сотқа жіберіліп, шешім қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная