БҚО-да дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысын ұстау кезіндегі видео жарияланды

Батыс ?аза?стан облысыны? дене шыны?тыру ж?не спорт бас?армасыны? басшысы ?стал?ан с?ттегі видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ұсталған сәттегі видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тимур Шаяхметовты ұстады. Шаяхметов өзінің қол астындағы бөлім басшысы Ишановпен бірге жүйелі түрде Орал қаласының 10 спорттық мектебінің жаттықтырушыларынан пара алып отырған", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

2016 жылдың қараша мен желтоқсан аралығында Шаяхметов пен Ишанов 1 500 000 теңге көлемінде пара алған. Қазіргі уақытта Шаяхметов Орал қаласының ІІБ уақытша қамау абақтысына жабылды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Реклама
Реклама

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама