БҚО-да студент оқу ақысын өз әкесінен алимент ретінде өндіріп алмақ болған

БҚО-да студент оқу ақысын өз әкесінен алимент ретінде өндіріп алмақ болған

Батыс ?аза?стан облысында студент о?у а?ысын ?з ?кесінен алимент ретінде ?ндіріп алма? бол?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс ?аза?стан облысты? сотыны? а?паратты? ?амтамасыз ету б?ліміне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында студент оқу ақысын өз әкесінен алимент ретінде өндіріп алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөліміне сілтеме жасап.

Мұндай ерекше іс Бөрлі аудандық сотында қаралған.

Талап қоюшы әкесінен 21 жасқа толғанға дейін алимент өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгініп, Батыс Қазақстан академиялық колледжі "ЕжӘҚА" күндізгі оқу бөлімінде оқитынын көрсете отырып, Орал қаласында оқу және тұру ақысы шығынын көтеруді талап еткен

Жарнама
Жарнама

Алайда сот азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты. Медиция тәртібі бойынша, талапкер қойылған талаптан бас тартауға, ал жауапкер талапкерді күтіп-бағуға міндеттеніп, істі өндірістен қысқартуды сұраған.

"Сот, ҚР АПК-нің 48-бабын басшылыққа алып, медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, ҚР АІЖКнің 277 б. 6 т., 278 бабына сәйкес, іс жүргізуді қысқартты", - делінген хабарламада.

Ұйғарымның заңды күшіне енбегені айтылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама