08 шілде 2022 | 18:07

Бір айда 1,3 миллиард теңгенің есірткісі тәркіленді - ҰҚК

Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операциясы барысында есірткі құрылымының 31 қатысушысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операциясы барысында есірткі құрылымының 31 қатысушысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы маусымда есірткіге қарсы 21 операция, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның арнайы қызметі мен құқық қорғау органдары бірлесіп жүргізген. Есірткі трафигінің 6 халықаралық және 12 өңірлік арнасы жойылды. Синтетикалық есірткі өндіретін 3 жасырын зертхана қызметі бейтараптандырылды.

"Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 31 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 120,6 келі есірткі, оның ішінде 61,8 келі синтетикалық есірткі (206 мың "бір реттік дозаға" баламалы), 6 келі марихуана, 52,7 келі гашиш тәркіленді. Бұдан басқа, психотроптық заттарды дайындауға арналған 6000 экстази таблеткасы және 2 тоннадан аса химиялық реагенттер айналымнан шығарылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Маусымда тәркіленген есірткінің жалпы сомасы "қара нарықта" 1,3 миллиард теңгеге бағаланады.

ҰҚК мәліметінше, халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орталық Азия елдеріне есірткі өндірісі мен контрабандасы бойынша халықаралық есірткі синдикатын жоюға арналған операция жүргізілгені хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram