16 шілде 2021 | 16:14

"Бір қарағанда бірдей". Қазақстанда 1 миллион теңге мөлшерінде жалған ақша анықталды

Фото: Әлихан Сариев

2021 жылдың алғашқы алты айында Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер 336 жалған банкнотаны (333 банкнот және үш монета) анықтады. Жалған ақшаның жалпы сомасы бір миллион теңге мөлшерінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі реттеушіге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2021 жылдың алғашқы алты айында Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер 336 жалған банкнотаны (333 банкнот және үш монета) анықтады. Жалған ақшаның жалпы сомасы бір миллион теңге мөлшерінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі реттеушіге сілтеме жасап.

Көбінесе номиналы 2 000 және 5 000 теңгелік купюралар қолдан жасалынады. Ол жалпы көрсеткіштің 65 пайызы және 19 пайызы. Қалған 16 пайыз банкноттар мен басқа номиналдағы монеталарға тиесілі. Жалған ақшаның басым бөлігі Алматы (228 купюра) мен Нұр-Сұлтанда (43 купюра) анықталады.

Ұлттық банк Қолма-қол ақша айналымы департаментінің Банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асқат Мұқамадиевтің айтуынша, контрафакт негізінен визуалды қорғаныс элементтеріне ұқсас жасалады. Бір қарағанда, олар бірдей болуы мүмкін. Бірақ банкнотты мұқият қарасаңыз, жалған екенін анықтай аласыз. Түпнұсқа банкноттар айқын бейнелерімен ерекшеленеді, самұрық түріндегі белгі, номинал, сондай-ақ жарыққа анық көрінетін қорғаныш жолағы бар.

Реклама
Реклама

Шынайы ақшаны жалғанынан қалай ажыратуға болатыны туралы ақпаратты Ұлттық банк сайтынан біле аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная