28 шілде 2021 | 15:11

Браконьер Ертістен 3,4 миллион теңгенің балығын аулаған

Фото: facebook.com/fishcomitteekz

Ертіс өзенінде Сібір бекіресі мен 14 стерлетті 3,4 миллион теңгенің балығын аулаған браконьер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ертіс өзенінде Сібір бекіресі мен 14 стерлетті 3,4 миллион теңгенің балығын аулаған браконьер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Браконьер балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік инспекциясының қызметкерлері Ертіс өзенінде, Белая өзенінде рейд кезінде ұсталды. Ер адам аспалы қозғалтқышы бар қайықпен балық аулаған.

Қайықтан салмағы төрт келі Сібір бекіресі мен салмағы 8,8 келі 14 стерлет табылды. Балық ресурстарына келтірілген жалпы шығын - 3 миллион 469 мың 771 теңге.

Реклама
Реклама

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар балық түрлерін заңсыз аулағаны үшін ер адамға ҚР ҚК-нің 339-бабы "Сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану" бойынша іс қозғалады. Осы бап бойынша кінәлі үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Осыған байланысты, оқиға болған жерге Павлодар облысы Май ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды, материалдар қылмыстық іс қозғауға жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная