ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қазан 2019 | 09:37
Браконьер ұлын қорғамақ болған әке инспекторларға оқ атты
Түркістан облысында браконьерлер су күзетінің инспекторларына оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында браконьерлер су күзетінің инспекторларына оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Шардара су қоймасында болған. Түнгі рейд кезінде су күзетінің инспекторлары үш браконьер отырған қайықты көреді. Браконьерлер инспекторлардан тығылуға тырысқанымен, 17 шақырымнан соң қайық тастар мен лай арасында тұрып қалған.
Сол сәтте жағалауда тағы бір адамдар пайда болған. Олар су күзеті қызметкерлеріне қарумен сес көрсеткен. Артынша инспекторларға қарай оқ атып, ұялы телефондарын тартып алған да, балықшылармен бірге көлікпен кетіп қалған.
Зардап шеккендер полицияға арыз жазған. Құқық қорғаушылар оқ атқандардың бірін ұстады, ол - Шардара ауданының тұрғыны, түнгі браконьерлердің бірінің әкесі болып шықты. Тінту барысында ер адамнан 16 калибрлі аңшылық қару мен инспекторлардың ұялы телефондары тәркіленді.
Қазіргі уақытта "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тұтқындалды.
Показать комментарии
Читайте также