06 ақпан 2020 | 12:30

Браконьерлер БҚО-да 45 ақбөкенді өлтірген

Иллюстрациялық сурет

Браконьерлер Батыс Қазақстан облысында 45 ақбөкенді өлтірген. Инспекторлар өлген жануарлардың өлексесін тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Браконьерлер Батыс Қазақстан облысында 45 ақбөкенді өлтірген. Инспекторлар өлген жануарлардың өлексесін тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мамандардың айтуынша, ақбөкендерді тапқанға дейін бір апта бұрын өлтірілген. Бұл Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы аумағында болған. Оқиға орнына Жаңақала аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылған. 

Реклама
Реклама

Осындай жағдай қаңтардың 24-і және 30-ы күндері осы облыста болған, онда 71 ақбөкеннің өлексесі табылған. Браконьерлік факт бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. 

"2020 жылы "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК жанынан жеке қауіпсіздік бөлімі және "Сапсан" жедел тобы құрылды, оның міндеттеріне ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК қызметкерлерінің қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ басқа лауазымды тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау кіреді", - деді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Ол сондай-ақ, жедел топ 12 адамнан құрылғанын айтты, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобиль көлігімен қамтамасыз етілген, қазіргі заманғы байланыс құралдарымен, спутник байланысын қоса алғанда, нысанды киім-кешекпен және табель қарумен жабдықталған.

Жыл басынан бері барлығы 13 құқықбұзушылық анықталып, 73 жануардың өлексесі мен 26 мүйіз, 1 қарақұйрықтың өлексесі, 715 келі балық тәркіленді, 13 адамға қатысты "Охотзоопром" материалдары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның ішінде 16 қаңтарда Қызылорда облысында жедел топ ақбөкенді заңсыз аулағаны үшін "Охотзоопромның" үш инспекторын ұсталған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная