ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қаңтар 2020 | 11:58
Бірнеше ауыл әкімі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен қаңтар айында еліміздің бірқатар аймақтарында аудан және ауыл әкімдеріне қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен қаңтар айында еліміздің бірқатар аймақтарында аудан және ауыл әкімдеріне қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысында Кентау қаласының Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Ол жер учаскесінің ахуалдық схемасына қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден бұрын келісілген 4 миллион 150 мың теңгеден 2 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Әкім кінәсін мойындады және адвокаттың қатысуымен жедел тергеу жүргізу туралы өтінішті мәлімдеді", - делінген ведомство хабарламасында.
Алматы облысында Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің бұрынғы әкімі мен әкімдіктің лауазымды тұлғаларының Жаңадәуір ауылындағы 10 гектар жер бөлігінің нысаналы мақсатын шаруа қожалығынан жеке қосалқы шаруашылыққа заңсыз өзгертуге қатыстылығы тексеріліп жатыр
"Аталған аймақта Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі санаторийлік, су қорғау аймақтары мен ирригациялық желілерде жер учаскелерін бөлу кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп күдіктелуде. Биыл 24 қаңтарында күдіктіге қатысты күзетпен ұстау санкцияланды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасады", - делінген хабарламада.
Олардың кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.
Осыған дейін, мемлекеттік қызмет туралы Заңға бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін саяси мемлекеттік қызметшілердің отставкасын көздейтін түзетулер қолданысқа енгізілгені (Заңның 3-бабының 3-1-тармағы) айтылған еді.
Показать комментарии
Читайте также