ПОДЕЛИТЬСЯ
01 наурыз 2019 | 09:06
Бішкек маңында қазақстандық студент өлі табылды
Бішкек маңындағы Қой-Таш ауылында қазақстандық студенттің денесі табылды. Бұл туралы Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды 24.kg басылымы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бішкек маңындағы Қой-Таш ауылында қазақстандық студенттің денесі табылды. Бұл туралы Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды 24.kg басылымы.
Басылымның мәліметінше, 24 жастағы Атанух Шерматовты белгісіз біреулер атып кеткен. Қазіргі уақытта милиция күдіктілерді іздестіріп жатыр. Атанух Шерматов Бішкекте тұрған және ондағы ЖОО-лардың бірінде оқыған.
"Басына оқ жарақатын алған, қолында Макаров тапаншасы болды. Көліктің салонынан оқ пен гильза табылды. Қайтыс болған жігіттің достары оның осыған дейін тапаншасын көрсеткенін айтты. Сондай-ақ, достары 4-курс студентінің суицид жасағысы келіп жүргенін байқаған", - деп хабарлады Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметіндегілер.
Показать комментарии
Читайте также