15 желтоқсан 2022 | 17:40

Бішкекте ҰҚТ мүшелері қазақстандықтың 18 миллион теңгеден аса ақшасын тартып алған

Дина Шарипханова Корреспондент

Бішкекте қазақстандықты тонап кеткен. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері жәбірленушіден 40 мың доллар (18,7 миллион ​​теңге) алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бішкекте қазақстандықты тонап кеткен. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері жәбірленушіден 40 мың доллар (18,7 миллион ​​теңге) алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бішкек қалалық МІІБ мәліметінше, 10 желтоқсанда Қазақстан азаматы Октябрь аудандық ішкі істер басқармасына 7 желтоқсанда сағат 15:00-де Ботаникалық бақта өзіне шабуыл жасаған белгісіз тұлғаларға шара қолдануды сұрап арызданған. Олар тапаншамен қорқытып, жәбірленушінің 40 мың долларын алып кеткен. Тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жедел уәкілдерге қарақшылық шабуылға үш адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысы бар екені белгілі болды.

Реклама
Реклама

"Қылмыстық іздестіру қызметкерлері арнайы жасақ қолдауымен ҰҚТ мүшелері ретінде жедел есепте тұрған күдіктілерді ұстады. Октябрь аудандық соты күдіктілерді екі ай мерзімге Бішкек-1 тергеу изоляторына қамауға алды", - деді милиция өкілдері.

Күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде 5,5 мың доллар мен бес оқ, травматикалық Макаров тапаншасы тәркіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная