06 қыркүйек 2021 | 09:02

Бурабай курортындағы төрт әйелдің өліміне қатысты сот үкімі шықты

© kokshetau.asia

Ақмола облысы, Бурабай аулындағы төрт әйелдің өліміне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Көкшетау Азия".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы, Бурабай аулындағы төрт әйелдің өліміне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Көкшетау Азия".

Оқиға 2020 жылы 5 желтоқсанда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. 

Тергеу мәліметі бойынша, 28 жастағы Валентин Штырь полицияға өзі хабарласып, ұйықтап жатқан төрт әйелді өлтіргенін айтқан болатын. 

Реклама
Реклама

Ер адам қылмыс жасаған кезінде мас күйде болған. Ол 70 жастағы әйелді, оның 41 жастағы қызын және екі көршісін өлтірген. Полицейлер ер адамды ұстады, ол ұрлық жасағаны үшін бұған дейін де  бірнеше рет сотталған.  

Ақмоланың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты күдіктіні кінәлі деп таныды. Судья Торқалы Бектұрсынов күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.  

Ал күдікті кінәсін мойындамады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram