ПОДЕЛИТЬСЯ
05 желтоқсан 2020 | 10:10
Бурабайда пәтерден төрт әйелдің денесі табылды
Ақмола облысы Бурабай ауылында тұрғын үй пәтерлерінің бірінен төрт әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақмола облысы Бурабай ауылында тұрғын үй пәтерлерінің бірінен төрт әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер оқиға 2020 жылдың 5 желтоқсанында болғанын хабарлады.
"Сағат 00:00-де Бурабай ауылының тұрғыны көп қабатты тұрғын үй пәтерлерінің бірінде кісі өлтіргенін айтып, Бурабай АПБ кезекші бөліміне хабарласты. Жедел-тергеу тобы пәтерге келгенде, онда зорлық-зомбылық белгілері бар төрт әйелдің денесі табылды", - дейді полиция өкілдері.
Полиция қызметкерлері Бурабай ауылының бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған 28 жастағы тұрғынын ұстады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша соталды іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также