29 мамыр 2020 | 08:36

Бурабайда шенді полицей адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

© ktk.kz

Бурабайда жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы адам қағып кеткен. Төлем терминалына барып, жолақысын төлеп тұрған кісі сол жерде көз жұмды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бурабайда жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы адам қағып кеткен. Төлем терминалына барып, жолақысын төлеп тұрған кісі сол жерде көз жұмды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы

Телеарна мәліметінше, соққының қатты болғаны сонша, марқұм 40 метрдей ұшып, денесі бөлшектеніп кетіпті. Ал полицей оқиға орнынан із суытқан.

Реклама
Реклама

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, Нұрлан Жүнісов таңертең Макинск қаласына іс-сапарға кеткен. Ол - Көкшетаудағы электр желілері торабында бағаналар таситын жүк көлігінің жүргізушісі. Жолда көліктен түсіп төлем терминалына жол ақысын төлемек боп жақындағанда, жүйткіген көлік кеп соққан.

"40-43 метрге ұшып кеткенін айтты. Ұшқаны соншалық, Щучьеде соққаннан кейін тоқтамаған, ары қарай кетіп қалған. Мас болған, мас болған дейді, иә", - дейді марқұмның қызы Маржангүл Нүкенова. 

Марқұмның туыстары оны мұсылмандық жолмен шаңырағында бір түнетіп, арулап барып жерлей алмаған. Себебі марқұмның денесі бөлшектеніп қалған, мәйітханадан әкеле есік алдынан жөнелткен. Ал оқиға орнынан қашып кеткен Макинск қалалық желілік полиция бөлімшесінің бастығы екен. Басшылары оны қызметінен шығарып үлгеріпті.

"Көліктегі полиция департаменті бастығының ағымдағы жылғы 27-мамырдағы бұйрығымен Макинка станциясындағы желілік полиция бастығы, майор Роллан Қанғожин ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар Көкшетау станциясының желілік полиция бөлімінің бастығы атқарып отырған лауазымынан босатылды", - ҚР ІІМ Көліктегі ПД баспасөз хатшысы Ләззәт Қасымжанова. 

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, жол апатын жасап адам өліміне себепші болған бөлімше бастығының бұл әрекетіне департаменттің басшы құрам санатындағы бірнеше қызметкерді де тәртіптік жауапқа тартқан. Қазір полиция майоры қамауға алынып, "Жол ережесін өрескел бұзу" бабымен тергеліп жатыр екен. Ал оқиға орнын қашып кеткені туралы бір ауыз сөз жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная