30 мамыр 2022 | 14:01

"Бұрағышпен өлтірген". Алматы облысында жантүршігерлік оқиға болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: ПБ

Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінен ер адамның денесі табылды. Полицейлер күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінен ер адамның денесі табылды. Полицейлер күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұсталған күдіктінің айтуынша, жәбірленушімен арада жанжал шыққан. Кейін ол бұрағышты алып, марқұмның кеуде тұсынан әдейі ұрған. Ол оқиға орнында қайтыс болған.

"Шлагбаумнан "Қарлығаш" ТК кіреберісінде, Жазира көшесінде зорлық-зомбылық белгілері бар, азиялық типтегі, 40-45 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына жеткен Қарасай ауданының полиция қызметкерлері жәбірленушінің жеке басын анықтады. Ал күдікті Полиция басқармасына жеткізілді", - деді Қарасай аудандық ПБ қызметкері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная